È

«Гудбай, мой бай!» фильмінің саундтрегін «Нұрлан мен Мұрат» тобы орындады

«Гудбай, мой бай!» фильмінің саундтрегін «Нұрлан мен Мұрат» тобы орындады

 

22 қарашадан бастап ауқымды экранға режисссер Анвар Матжановтың «Гудбай, мой бай!» комедиясы шығады. Ал жақында желіге «Нұрлан мен Мұрат» тобының фильм саундтрегін орындаған бейнежазбасы жарияланды. Ән «Жаулап алды махаббат» деп аталады.

Фильмдегі оқиға анасы және әйелімен бірге бір шаңырақтың астында тұратын Ермектің айналасында өрбиді. Әйелі бөлек тұруды қалайды, ал Ермек анасын жалғыз қалдырғысы келмейді. Осы себепті жұптың арасында ұрыс-керіс орын алып, ақыры екеуі ажырасуды ұйғарады. Мұндай қиын жағдайда басты кейіпкерді достары қолдап, түрлі әдістермен қуантуға тырысады.

Жобаның бас продюсерлері - Бағдат Қожахметов, Сәбит Рахымбаев және Дәуіт Шайхысламов.

«Көрермендерді оқиғаның өзі баурап алады. Сценарий жазып жатқанда, барлығын ескердік: кейде қалжыңдап, кей жерлерде эмоция тудырдық», - деді Дәуіт Шайхысламов.

Картинадағы басты рөлдерді Әзім Саидбаев, Дариға Бадықова, Сәбит Рахымбаев, Сәбина Саяқова, Нұрдәулет Шертім, Мейіржан Төребаев, Әмина Малғаждар сомдады.

«Комедия өзін мойындатты, қазақстандық көрермендер бұл жанрға сенеді. Әлі сапалы триллерлер, мелодрамалар, атыс-шабыс фильмдер шыққан жоқ, сондықтан көрермендер оларға бармайды. Негізі, мен триллер жазғым келеді, бірақ бізде қорқынышты фильмдердің өзі комедия болып шығады», - деп сырын ақтарды Сәбит Рахымбаев TheЭфир бағдарламасында.

Еске салсақ, қыркүйекте картина авторлары фильм трейлерін таныстырған болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер