È

«Гудбай, мой бай!» комедиясының трейлері

«Гудбай, мой бай!» комедиясының трейлері

 

Режиссер Анвар Матжанов жетекшілігіндегі шығармашылық топ («Патруль», «Басеке» хикаялары) «Гудбай, мой бай!» комедиялық фильмінің трейлерін жариялады. Бағдат Қожахметов және Қайрат Рейімов продюсерлік еткен таспа 2018 жылдың 22 қарашасында айналымға шығады.

Фильм сюжеті отбасындағы жалғыз ұл Ермек есімді үйленген азаматтың өмірі жайлы баяндайды. Ер азамат әйелімен және анасымен бір үйде тұрады. Бірақ, әйелі жеке баспаналарының болғанын қалайды. Екі оттың ортасында қалған Ермек достарынан көмек сұрап, тығырықтан шығудың амалын қарастырады. Басты кейіпкер отбасын сақтап, жақсы ұл болып қала ала ма?

Кинотаспа биылғы маусымда Алматыда түсірілді.

Фильмнен еліміздің комедиялық жобаларына бірнеше рет қатысқан тамаша актерлік құрамды кездестіруге болады. Басты рөлдерді Сәбит Рахымбаев, Сәбина Саяқова, Нұрдәулет Шертім, Даут Шайхысламов, Әзім Саидбаев, Мейіржан Төребаев және кішкентай әпкелі-сіңлілі блогерлер Әмина, Адия және Аружан Малғаждар сомдады.

Еске салсақ, алдыңғы жолы «Гудбай, мой бай!» картинасының постері жарияланған болатын.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист