"Тараз" бір аптада 85 миллион теңге табыс тапты
«Тараз» криминалдық драмасы алғашқы 4 күнде 85 миллион теңге табыс әкелді. Нұртас Адамбайдың фильмі отандық прокатта өзінің көшбасшы екенін көрсетті.
«Тараз» - туған қаласынан қашуға мәжбүр болған үш достың оқиғасы. қарапайым кещкі отырыс жергілікті криминал беделділерімен арадағы қауіпті ойынға айналады.
Режиссердың айтуынша, фильмде тек төбелес қана емес, атыс-шабыс та бар, шағын қалалардағы шынайы оқиғаны суреттеген.
Достардың рөлінде Нұртас Адамбай, Еркебұлан Дайыров жәнеАсан Мажит. Фильмнің тұсаукесері 13 қазанда болды.

Гүлназ Жоланова
«Көптеген көрермен бұл фильмді ресейлік «Бумер» фильміне ұқсатып жатыр. Екі картинада да машина және достар болғандықтан шығар, сірә. Алайда фильмдер мазмұны жағынан мүлде бөлек. Формалары ұқсауы мүмкін, бірақ мағынасы басқа. «Бумер» - боевик, ал «Таразда» біз біздің өміріміздің әлеуметтік сәттерін көрсетуге тырыстық. «Бумерде» Гүлназ Жоланова секілді әдемі қыз болған жоқ», - дейді фильмнің продюсері әрі режиссеры.
Сондай-ақ Адамбай алдағ уақытта прокатқа тағы екі жаңа жобасы: психологиялық триллер және комедия шығатынын айтты.
Фото: Five.kz






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін