È

«Тіркеуші» комедиясының сценарийі бір апта ішінде жазылды

«Тіркеуші» комедиясының сценарийі бір апта ішінде жазылды

Отандық айналымда «Тіркеуші» фильмінің көрсетілімі басталды. Фильм сценаристі, продюсері және актерлары – «Патруль» хикаясымен танылған Мейіржан Төребаев, Медет Аманбаев және Мейірхан Шерниязов.

Комедиялық таспа жолы болмаған алматылық жүргізуші Ержан жайлы баяндайды. Өте кірпияз кәсіпкердің жүргізушісі болған ол бастығына жағуға тырысады. Жұмысын аяқтаған Ержан қымбат көлікті тұраққа қоюға асығады. Жол-жөнекей достарымен кездеседі. Олармен кездесуі кейіпкердің басына бәле боларын кім білген?

«Біз «Патруль» фильміне арнап сценарий жазып жүрген кезде Мейірханға идея келді. Ол идеясымен бөліскенде, бәрі шабыттанып, әзілге толы қызық жағдайларды ұсынды. Хикаяның жұмысын аяқтағаннан кейін, осы жобаны қолға алдық. Біз сол үшін әйелдерімізді, балаларымызды тастап, Египетке кетуімізге тура келді. Сценарийді жеті күннің ішінде жаздық»,- деді Мейіржан Төребаев.

Отанға оралған авторлар MakeFilms компаниясын құрып, дебюттік толық метрдің түсіріліміне кірісіп кетті. Картинаны 2017 жылдың қысында 9 күн ішінде түсірді. Фильм түсірушілердің сөзіне сәйкес, көрермендерді рекордтық уақыт емес, түсірілім форматы мен түпнұсқа сюжеті таңқалдыруы тиіс.

«Фильм статикалық камерамен толықтай көліктің салонында түсірілді. Егер актерлардың бірі қателессе, бәрін қайта түсіруге тура келеді, себебі өңдеу арқылы өзгертуге келмейді. Бәрінен бұрын, біздің қоюшы-оператор Сәбит Семетаевқа қиын болды. Кадрды барлық кейіпкерлер көрінетіндей етіп қою оңай шаруа емес. Барлық түсірілім тобына еңбектері үшін алғыс білдіремін»,- деді Медет Аманбаев.

Фильм қаржысы жарнама акциясымен 100 мың долларды құрады.

«Тіркеуші» комедиясының трейлерін осы жерден көре аласыздар.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

22 наурыз 2018, 18:31

Прикольно! Думаю в 100 т входит и 7дневный отдых.

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса

Гүлшат Ахметова

Актриса

Сергей Червяков

Актер

Тимур Бекмамбетов

Режиссер