È

«Томирис» тарихи фильмінің түсірілімі наурызда басталады

«Томирис» тарихи фильмінің түсірілімі наурызда басталады

Наурызда Ақан Сатаев «Томирис» тарихи таспасының негізгі түсіріліміне кіріседі. Сақ патшайымы туралы картина көне грек тарихшысы Геродоттың қалдырған жазбалары негізінде түсіріледі.

«Томирис» картинасының өндірісімен «Қазақфильм» киностудиясы және SataiFilm айналысуда. Фильмде парсы әскеріне қарсы тойтарыс берген массагеттер патшайымы туралы айтылады. Картинада көрсетілетін кезең біздің эрамызға дейінгі IV ғасырға жатады.

Авторлар дайындық жұмыстарына 8 айдай уақыт жұмсаған. Осы уақыт аралығында түсірілімге арналған локациялар таңдалды, кейіпкерлердің костюмдері мен реквизиттер дайындалды және республика бойынша кастинг өткізілді, оған 15 мыңнан астам адам қатысқан.

Кастингтің нәтижесінде фильмдегі басты рөлді Астаналық психолог-коуч Альмира Тұрсын сомдайтын болды.

«Томирис» картинасы Жаркентте, Шонжыда, Бурабай мен Баянауылда түсіріледі. Түсірілім уақыты 4 айға созылады. Түсірілім үшін арнайы Томиристің ұлы Спаргапис ордасының және көне Вавилон қаласының декорациялары орнатылады.

Жобаға тарихшы Алмас Ордабаев, суретші-өңдеуші Қырым Алтынбеков, костюм бойынша суретші Әсел Шалабаева, продюсер Анна Чакиртова, қоюшы-оператор Хасан Қыдырәлиев және трюктерді қоюшы Жайдарбек Күнгүжінов атсалысып жатыр.

Тарихи картинаның бас продюсері - Әлия Назарбаева.

 

Суреттерді Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі ұсынды

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса