È

«Аға ма әлде неке ме 2» комедиясының түсірілімі аяқталды

«Аға ма әлде неке ме 2» комедиясының түсірілімі аяқталды

Алматыда «Аға ма әлде неке ме 2» фильмінің соңғы көріністері түсіріліп бітті. Комедияның екінші бөлімінен көрермендер қайтадан Дәурен Серғазинді, Құралай Анарбекованы, Әбунасыр Серіковті, Мұрат Бисенбинді, Бауыржан Қаптағайды және Олжас Абайды көре алады.

Түсірілім барысының аяқталғанын бас продюсер әрі актриса Құралай Анарбекова хабарлады. Оның айтуынша, фильм жалғасының қызықты әрі күлкілі болуына топ барынша атсалысқан.

«Бізге көмектесіп, қатысқандардың барлығын құттықтағым келеді! Бұл оңай болмады. Бұл шынында да ауыр болды. Сондықтан, ерекше қызықты шықты. Ойға алғандардың барлығын орындап үлгеру үшін тәулігіне 24 сағат жұмыс істедік. 50 локацияда түсіріп, үлкен (кейде тіпті өте үлкен) техникаларды пайдаландық. Барлығы сиквелдің одан әрі қызықты әрі күлкілі болуы үшін жасалды. Күрделі жұмыс кестесіне қарамастан, алаңдағы атмосфера жақсы болды. Оның себебі тобымыздың жас әрі белсенді адамдардан құралғанында шығар. Осы түсірілімнен кейін біз үшін кез келген жобаны іліп әкету түк емес болатын сияқты. Барлықтарыңызды жақсы көремін! Мен үшін бұл кезекті сынақ болды, актриса және продюсер ретінде барынша өз-өзімді көрсетуге тырыстым. Күйзелісті жағдайлар да болды, бірақ продюсердің міндеті әр мәселені оңтайлы шешу ғой, қуанышқа орай барлығын жөнге келтірдік. Алдымызда әлі көп жұмыс бар: монтаж, preproduction және тағы да басқалары...», - деп бөлісті түсірілімдегі әсерімен Құралай Анарбекова Инстаграм парақшасы арқылы.

Екінші бөлімінің сюжеті бойынша Гаухар мен Айдар тұңғыштарын күтеді. Айдар лайықты жар әрі жақсы әке бола алатынын дәлелдеу үшін түрлі шиеленісті оқиғаларға тап болады. Гаухардың туған ағалары да біршама мәселе туғызады.

Фильм түсірілімі шілде айының ортасында басталды. Фильмнің қоюшы-режиссері Әлішер Утев болды. Сондай-ақ, ол Сергей Литовченко және Арыстан Кауневпен бірге сценарий жазды.

«Аға ма әлде неке ме 2» комедиясы тұсаукесерінің қашан болатыны әзірге белгісіз.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер