È

«Абзал жан» хикаясы телеэкранға шығады

«Абзал жан» хикаясы телеэкранға шығады. Қазақстан киносы

26 қыркүйек күні «Хабар» телеарнасынан «Абзал жан» хикаясы көрсетіле бастайды. Көпсериялы драманы режиссер Серікбол Өтепбергенов («Жедел жәрдем») және продюсер Николай Пак («Қыз жолы») түсірген.

Отандық хикаядағы сюжет дәрігер Абзал Смағұловтың айналасында өрбиді. Ер азамат алдыңғы қатарлы медициналық орталықта табысты қызмет атқарып келген, бірақ жеке қайғысына байланысты кішігірім ауруханаға орналасады. Дәрігер жаңа ортада жаңа туған сәбилер мен аналардың денсаулығы үшін күреседі. Айта кету керек, кинотаспа «Женский доктор» ресей хикаясының франшизасы бойынша түсірілген.

Экран алдында Қажымұқан Қалымбетов басты кейіпкер образын сомдайды. Актердің айтуынша, оның бірінші мамандығы фельдшер екен. Алайда шығармашылыққа жақын жан медицина саласында ұзақ жұмыс істемеген, Қажымұқан актер мамандығы бойынша кәсіби білім алады.

Сонымен қатар, көрермендер хикаядан Азат Сейтметов, Ербол Садырбаев, Ақмарал Дайрабаева және Қазбек Аташ сынды актерларды көре алады.

Телехикаяның түсірілімі биылғы жазда Алматыда өткен. Хикаяны қоюшы-суретші Нәзира Байбекова мен қоюшы-оператор Саят Жанғазиновтың қатысуымен арнайы павильонда түсірді.

«Абзал жан» тележобасы «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша «Бірінші шығармашылық бірлестігі» компаниясымен өндірілген. Көрермендерге 32 бөлім ұсынылады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер