È

«Басеке 2» сериалы «Хабар» телеарнасының эфирінде

 «Басеке 2» хикаясы «Хабар» телеарнасының эфирінде. Қазақстан киносы

Отандық телеэкранда «Басеке 2» сериалы көрсетіле бастады. Ситкомның жалғасымен жұмыс істеген режиссер Анвар Матжанов және оператор Дастан Молдабеков. Сериалдың өндірісімен B.A.S. production студиясы айналысты, бұған дейін олар «Ауылдастар», «ВУЗеры» және «Патруль» комедияларымен жұыс істеген. Продюсері Ақылбек Досжанов.

Екінші маусымда Арман мен Мақсатты басқа да қызықты оқиғалар күтіп тұр. Қалаға оралған соң олар өздерінің кәсібін ашуға тырысады. Бірақ кейіпкерлер елдің ең беделді кәсіпкерінің жолын кесіп кетеді. Алайда Арман мен Мақсат қол қусырып отыратын жандар емес, бұрынғы достарымен бірлесіп, олар жаңа ойын бастайды. Келесі жағдай немен аяқталады, мұны тек тұспалдауға болады.

Басты рөлдерде Олжас Абай және Бакыт Тушаев.Екінші маусымның түсіріліміне Марат Достаев, Мадина Ақылбекова, Мәлік Абдраманов, Дәурен Тәңібергенов және басқалар қатысты.

Түсірілім Алматыда және ақтөбеде өтті.

«Басеке 2» сериалы «Хабар» телеарнасының эфирінде демалыс күндерінен басқа күндері сағат 19.50-де көрсетіледі.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер