È

Серік Апрымов «Бауыр» мен «Жапырақ сыбдыры» фильмдерін бір мемлекеттік бюджетке түсірді

Серік Апрымов «Бауыр» мен «Жапырақ сыбдыры» фильмдерін бір мемлекеттік бюджетке түсірді

Алматыда Серік Апрымовтың «Бауыр» фильмінің ашық көрсетілімі өтті. Картина көрсетілімі еліміздің кино қайраткерлері мен көрермендердің қатысуымен «Арман» кинотеатрында болды.

«Бауыр» - Еркен есімді бала туралы хикая. Ол ауылда жалғыз тұрады. Әкесі қалаға ақша табуға кетсе, анасы қайтыс болған, ал ағасы қалада оқиды. Еркен жалғыздықтан мүлдем қорықпайды. Ол ағасының қаладан келуін ғана асыға күтеді.

Серік Секенұлының бұл таспаны түсіруіне өмірдегі оқиға әсер еткен.

«2013 жылы мен фильмнің түсіріліміне «Жапырақ сыбдыры» уақытша атауымен кіріскен едім. Сондай-ақ, «Бауыр» картинасының идеясы да қатар келді. Оған кезінде қалаға шығарып салған інім түрткі болды. Мен тәжірибе жасап көруді ұйғардым да, бірдей актерлармен және локациялармен екі фильм түсіремін деп шештім. Біз «Жапырақ сыбдырын» бес күн, ал «Бауырды» екі күннің ішінде түсірдік. Пост-продакшн кезінде таңдауымызға тура келді, себебі смета бойынша екі картинаны өңдеу мүмкін емес еді. Сондықтан, көрерменге «Бауырды» кешігіп көрсетіп жатырмын. Бірақ, ештен кеш жақсы емес пе», - деді Серік Апрымов.

Фильмге Алмат Ғалым, Әлішер Апрымов, Доғдырбек Қыдырәлиев, Сәтімжан Санбаев және Мұрат Омаров түсті.

Айта кету керек, драма 2014 жылы дайын болған. Оның әлемдік тұсаукесері 70-ші Венециан кинофестивалі аясында өткен. Алайда, фильм фестивальдерге қатысып жүріп, көпшілік көрерменге жете қоймады.

«Бауырдың» қоржынында «Еуразия» ХКФ-нің, АҚШ-тағы «Санта-Барбара» ХКФ-нің және Германияда өткен Орта және Шығыс Еуропа халықаралық кинофестивалінің жүлделері бар.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Еркебұлан Тасынов

Актер

Меруерт Қасымбек

Актриса

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер