È

Режиссер Серік Апрымовтың ретроспективасы басталады

Режиссер Серік Апрымовтың ретроспективасы басталады

ҚБТУ киноклубы «Зеленое спасение» қорымен бірлесіп Серік Апрымовтың киножұмыстарының көрсетілімін ұйымдастырады. Отандық режиссердың ретроспективасы ақпанда басталады.

Көрерменге ұсынылатын алғашқы фильм - «Ақсуат» драмасы (1997). Фильмдегі оқиға Ақсуат ауылында болған, онда үлкен ағасына інісі әйелмен бірге келеді. шақырылмай, аяқ асты келген қонақтардың кесірінен үй иелерінің тыныш өміріне әсер ететін жағдай болады. Фильмнің көрсетілімі 3 ақпанда 19.00-де.

10 ақпанда «Охотник» (2004) кинолентасы көрсетіледі, бұл картина «Ника-2005» кинофестивалінде ТМД және Балтық елдерінің арасында үздік фильм атанған.

Басты кейіпкер - тәжірибелі аңты тәрбиелеген бала. Жас бала аңшыдан аң аулау өнерін ғана емес, әйелдермен қарым-қатынас жасауды да үйренеді. Есейгенде жігіт туған үйінен кетеді, бірақ ол қайта оаралады.

«Охотник» фильмінен кадр

17 ақпанда режиссердің «Бауыр» (2013) фильмі көрсетіледі. Тоғыз жастағы Еркен үлкен ағасымен кездесуді асыға күтеді. Ағасы келем дегенше ол жұмыс істеп, сояьын қой сатып алады, оның ойы жақсылап дастархан жасау. Бірақ үлкен ағасына жағу оңайға түспейді: ағасы інісіне көңіл бөлмейді.

Кинокартинларды Серік Апрымовтың өзі таныстырады, сондай-ақ ол көрермендердің сұрағына жауап береді.

Барлық кездесулер ҚБТУ ғимаратында өтеді. Ұйымдастырушылар қатысам деушілерді алдын ала тіркеуден өтуін сұрайды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер