È

Серікбол Өтепбергенов «Детектив әже» хикаясының түсірілімін бастады

Серікбол Өтепбергенов «Детектив әже» хикаясының түсірілімін бастады

Режиссер Серікбол Өтепбергенов («Алтыншы бекет») жаңа жобаның түсіріліміне кірісіп кетті. Қоюшы «Детектив әже» атты ерекше оқиғалы жаңа хикая дайындап жатыр. Көпбөлімді таспаның түсірілімі Алматыда өтуде.

«Детектив әже» хикаясының басты кейіпкерлері – полицей мен әжесі. Ер азамат бала күнінен бері актер болуды армандаған, бірақ тағдыр оған шығармашылықтан алыс мамандықты бұйыртыпты. Алайда, әжесі бір сағаттың ішінде детективке айналып кеткенде, азаматтың өмірінде айтулы өзгерістер орын алады.

Білімқұмар әжені хикаяда Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Ғазиза Әбдінәбиева сомдайды. Актриса отандық көрермендерге Ермек Тұрсыновтың «Кемпір» фильмі және «Тоғысқан тағдырлар» хикаясы арқылы жақсы таныс. Ал полицей рөлін актер Ниязбек Шайсұлтанов («Тергеушілер») сомдайды.

Сонымен қатар, жобаға қоюшы-оператор Саят Жанғазинов, атқарушы продюсер Евгения Зубкова және сценарист Николай Пак атсалысуда.

Хикая «Хабар» телеарнасының тапсырысымен өндіріліп жатыр.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер