Шайа ЛаБаф және Дэвид Эйр қылмыстық триллерде бірге жұмыс істейтін болды
Актер Шайа ЛаБаф («Борг/Макинрой», «Соғыс») және режиссер Дэвид Эйр («Жарқындық», «Өзін-өзі өлтірушілер тобы») қылмыстық триллермен бірге айналысатын болды. Таспаның жұмыс атауы – «Салық инспекторы». Бұрын ЛаБаф пен Эйр Екінші дүниежүзілік соғыс уақытындағы 2014 жылғы «Қаһар» танк драмасының түсірілімінде бірге жұмыс істеген болатын. «Салық инспекторы» Эйрдің сценарийі бойынша түсіріледі, ал әзірге сюжет жайлы мәлімет жасырын болып отыр.
Эйрдің қылмыстық жанр режиссері ретінде қайта оралуы таң қаларлық жағдай емес. Оның соңғы жұмыстары - «Өз-өзін өлтірушілер тобы» комиксі мен «Жарқындық» фэнтезиі – сыншылар арасында жылы қабылдана қоймады. Бұл фильмдердің алдында Эйр Дензел Вашингтон сомдаған «Жаттығу күні» және Джейк Джилленхол ойнаған «Патруль» қылмыстық таспаларының арқасында өз атын шығарды. Сондықтан, аз ғана бюджеті бар «Салық инспекторы» Дэвид Эйрге бүлінген режиссерлік беделін қайтаруға мүмкіндік беретін сияқты.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін