È

«Шекара»

«Шекара»

«Қазақстан» ұлттық арнасының тапсырысымен түсіріліп жатқан «Шекара» сериалының түсірілім жұмыстары аяқталып қалды. Режиссёрі - Анвар Матжанов (ситком «Патруль-2»). Продюсері - Батыр Сазаханов.

«Бұл сериал біздің шекарашыларымыз туралы: шекаралық бақылау қызметкерлерінің қатарына алынған жас жігіттер туралы.Біз олардың қызметін көрсеткіміз келеді, олар қалай жұмыс істейді, шекараны заңсыз кесіп өткендердің ізін қалай кеседі. Сондай-ак көрермен бөлімшенің ішіндегі жігіттердің бір-бірімен қарым-қатынасы қалай екенін, қандай қиындықтарға тап болатынын көре алады», - деп түсіндірді режиссер Матжанов.

Түсірілім 1 мамырда басталған, қазір де жалғасуда. Түсірілім командасының түсірілім алаңы Жаркент қаласындағы шекара. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан түсіру тобы Жоғар Алатауының етегінде тынымсыз еңбек етті.

Рөлдерде: Олжас Әлжанов, Олжас Ибраев, Дарын Оңласынұлы, Гүлдана Ахмет, Бейімбет Бақытқадыров және басқалар. арнайы шақырылған қонақ Қазақстанның Халық әртісі - Досжан Жанботаев.

16 сериялы лентаның тұсаукесері «Қазақстан» телеарнасында қараша айында көрсетіледі.

 

Әйгерім Қасқыр

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер