È

«Мені лақтырып кеткен тыңшы»: комедиялық тыңшылық атыс-шабыс фильмінің дубляждалған трейлері

«Мені лақтырып кеткен тыңшы»: комедиялық тыңшылық атыс-шабыс фильмінің дубляждалған трейлері

Lionsgate студиясы «Мені лақтырып кеткен тыңшы» комедиясының алғашқы трейлерін ұсынды, басты рөлдерде - Мила Кунис («Өте нашар аналар 2», «Юпитер өрлеуі») және Кейт МакКиннон («Өте нашар қыздар», «Жаңа жылдық кеш»). Таспа былтырғы жазда Будапештте түсірілген болатын. Фильм режиссері Сузанна Фогель («Өмірлік серіктестер») Кунис-МакКиннон дуэтін аяқ астынан тыңшы ойындарына тап болған әйелдер ретінде көрсетеді.

Дэвид Исерсонның («Робот мырза» және «Жаңадан келген қыз» хикаялары) сценарийі бойынша олар халықаралық қастандықтың ортасында қалады. Одри (Мила Кунис) бұрынғы жігітімен (Джастин Теру, «Жұлдыздар соғысы: Соңғы джедайлар», «Пойыздағы бойжеткен») айырылысқан соң, өз-өзіне әрең келеді. Кенеттен бұрынғы жігіті қыздың пәтеріне келіп, ОББ (ЦРУ) агенті екенін жайып салады, ал оның артынан ерген киллерлер тобы Одридің үйіне баса-көктеп кіруге тырысады.

Өмірі үшін алаңдаған жас әйел жақын құрбысы Морганмен (Кейт МакКиннон) бірге Еуропаға мәжбүрленген саяхатқа шығады. Атауы Джеймс Бонд жайлы баяндайтын 1977 жылғы «Мені жақсы көрген тыңшы» танымал картинасына ұқсас фильмнің ролигінде жарылыс, циркті акробатика көрініс тапқан.

«Мені лақтырып кеткен тыңшы» комедиялық атыс-шабыс фильмі ауқымды айналымға 9 тамыздан бастап шығады.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер