Сиддхартх Шукла «Бизнес по-казахски» фильміне қатысқаны жайлы
Үнді актеры Сиддхартх Шукла «Бизнес по-казахски» деп аталатын қазақстандық фильмде ойнайды, картинаның бас продюсері Нұрлан Қоянбаев, ал режиссеры Жеңісхан Момышев.
Сиддхартх өзінің Қазақстан кинематографына қалай тап болғаны туралы әңгімелеп берді: «Бұған дейін мен қазақстандық киноны мүлде көрмеппін және қазақстандық актерлермен таныс емес едім. Алайда Қазақстанда киноның өркендеп келе жатқанын естігенмін. Ал жобаға мен досым Нұрлан Қоянбаевтың шақыруымен келдім. маған қазақстандықтар өте ұнады, өзіме деген құрметтері мен қамқорлықтарын сезіндім».
Болашақта қазақстандық киножобаларға қатысқыңыз келе ме деген сұраққа актер былай жауап берді: «Әрине, неге қатыспасқа, маған бұл жақта киноға түскен ұнайды. Қазақстанда мен түсірілім барысы туралы небір қызықты, жаңа дүниелерді, жергілікті фильмдердің қалай түсірілетінін білдім. Мен шетелдік фильмдерге түсуге құмармын, осылайша мен басқа елдің мәдениетімен танысамын. Шетелдік ленталарға түсуге ұсыныс түсіп жатса, бас тартпауға тырысамын».
Сиддхартха Шукланы «Бизнес по-казахски» жобасынан кейін Үндістанда басқа да жобалар күтіп тұр.
Тақырып бойынша:
«Бизнес по-казахски» фильмінен фоторепортаж
Бизнес по-казахски фильмінің түсірілімі







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін