È

«Ауылдастар» ситкомы үшінші маусымға созылды

«Ауылдастар» ситкомы үшінші маусымға созылды

Bas production компаниясы «Ауылдастар» комедиялық хикаясын үшінші маусымға созды. Жаңа эпизодтардың түсірілімі басталып, Алматы облысында өтіп жатыр. Режиссерлік орынға қайтадан Дмитрий Қырықбаев ие болды, ал сүйікті кейіпкерлерді Олжас Нұрбаев, Еділ Анарбай, Арайлым Нұрғожа, Мейіржан Төребаев сомдайды.

«Ауылдастар» хикаясы – ауылға көшіп барған Айбек есімді қалалық жігіттің хикаясы. Жігіт ауылға жәй көшіп келген жоқ, ол әскери комиссариаттан жасырынып жүр. Ұзақ уақыт ауылда жүрген Айбек айналасындағы адамдарға, жаңа достарына бауыр басып қалыпты, тіпті ауылдағы күнделікті күйбең тірлікке де үйренген. Алайда, кейіпкерге тыныш өмір сүрудің ауылы әлі алыс сияқты. Күнде Айбек достарымен бірге түрлі оқиғаларға тап болады да жүреді.

Ситком телеэкранға 2015 жылы шыққан. 2017 жылдың жазында авторлар жобаны ұзартуды ұйғарып, жалғасын түсірді. Екінші маусым эфирге былтырғы күзде шыққан болатын.

Жобаның бас продюсері – Ақылбек Досжанов, атқарушы продюсері - Ілия Қошқаров.

Хикая «НТК» телеарнасының тапсырысы бойынша түсіріліп жатыр.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист