È

«Тақиясыз періште» ситкомы жалғасын тапты

«Тақиясыз періште» ситкомы жалғасын тапты

«ДК» production компаниясы «Тақиясыз періште» комедиялық хикаясын екінші маусымға созды. Жаңа эпизодтардың түсірілімі Алматыда басталды. Авторлар екінші маусымды алдағы күзде телеэкранға шығаруды жоспарлап отыр.

«Тақиясыз періште» хикаясы жақында үйленген отбасындағы жалғыз ұл Тайлақ жайлы баяндайды. Азамат дәстүрге сай жарымен бірге ата-анасының үйінде тұрады. Жастар көп сынақтан өтеді. Ұлының отбасылық өмірін бақылауға алуға тырысатын анасы да шет қалмайды.

Ситком кейіпкерлерін Жанар Айжанова, Қуандық Шәкіржанов, Төкеш Қыран және Ақбота-Нұр Сейтмағамбет сомдауды жалғастыруда.

Екінші маусыммен қоюшы-режиссер Асар Әбілқайыров және қоюшы-оператор Күнболат Жусанбеков айналысып жатыр. Жоба продюсерлері –Мақсат Мамраимов, Қуат Садықов және Дархан Тастанов.

Еске сала кетсек, ситкомның бірінші маусымы 2017 жылы күзде «Жетінші арнадан» көрсетілген болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер

Ерлан Хайрушев

Актер