È

Жақында экранда «04:29»

Жақында экранда «04:29»

Жақында «04:29» мелодрамасының түсірімі аяқталды. Режиссеры әрі сценаристі Мереке Мұқан. Екінші режиссеры Медет Ілгедаев. Сондай-ақ сценариймен жұмыс істегендер Жәмит Көшербаев пен Азамат Абжанов. Продюсерлік етуге атсалысқанл Ардақ Балмұхаммед.

Фильм Әлихан мен Ажар жайлы, олар өмірлерімен қоштаспақ болады, алайда олардың кездесулері жарқын шытырман оқиғаға айналады. Бірақ олардың кездесуі қаншаға созылады?

«меніңше, біздің фильм әлеуметтік драма. Өйткені кез келген адам өзінше өмірде шешімі жоқ қиын жағдайға тап болып жатады. Кейде тіпті қолдан келер шара жоқ, біткен жерім осы деп ойлайсың. Фильмнің сюжетңі дәл осы туралы. Біздің айтайын деген ойымыз қарапайым. Басыңа қандай қиын іс түссе де, қалай қиналсаң да, мойыма, өйткені өмір сүруге тиіссің», - дейді режиссер Мереке Мұқан.

Түсірілім 2015 жылдың қарашасында бсталған болатын. Қатысуға Ербол Семқұлов, Карина Хурамшина, Майра Омарова, Тасболат Омаров және басқалар шақырылды.

Карина Хурамшина, Мереке Мұқан және Ербол Семқұлов

«Мен балерина Ажардың рөлін ойнадым, ол жарақатының салдарынан билей алмай қалған.Бұл мен үшін үлкен кинодағы дебюттық рөлім. Сондықтан, әрине қиындықтар болды, бірақ жақсы сәттер көбірек. Тауға өрмелеу, тарзанғадан сырғанау, алған әсерім керемет. Ал жағыцмсыз жағын айтқанда еске түсетіні қатты суық: бізд түсірілімде кесет бойыша кешіктік те, күздегі көріністерге қыс мезігілінде жеңіл көйлекпен, туфлимен және түнде түсуге тура келді. », - дейді басты рөлдің орындаушысы Карина Хурамшина.

Қазір «04:29» пост-продакшн кезеңінде. Тұсаукесері қазан айында болмақ. Авторлардың жоспарында лентаны Грузия және Израиль прокатына жіберу.

 

Әйгерім Қасқыр

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санжар Мәди

Актер