È

«Көшбасшы жолы» киноэпопеясы көрсетіледі

«Көшбасшы жолы» киноэпопеясы көрсетіледі

Тұыңғыш ҚР Президент күні мерекесіне орай «Қазақфильм» киностудиясы және КГКП «ТТИ «Алатау», Алматы қаласы Мәдениет басқармасы және мұрағаты бірлесіп, «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының қайырымыдылық көрсетілімін ұйымдастырады. Көрсетілім 1-4 желтоқсан аралығында «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өтеді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар ұлт көшбасшысы жайлы бес фильмді көрсетпек: Рүстем Әбдрашев түсірген «Балалық шағымның аспаны», «Отты өзен», «Темір тау», «Тығырықтан шығар жол», сондай-ақ ресейлік режиссер Сергей Снежкиннің жаңа картинасы «Жұлдыздар тоғысқанда» .

«Көшбасшы жолы» фильмдер циклі өмірде болған оқиғаға негізделген, бұл оқиғалар Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірінде болған. Киноэпопеяға 5 кинолента кіреді, олардың әрқайсысы Елбасы өмірінің белгілі бір кезеңіне арналған. Бесінші бөлім «Жұлдыздар тоғысқанда» прокатқа 2016 жылдың 28 сәуірінде шықты.

Көрсетілім кестесі:

«Балалық шағымның аспаны» - 1 желтоқсанда 13:00.

«Отты өзен» және «Темір тау» - 2 желтоқсанда 13:00.

«Тығырықтан шығар жол» - 3 желтоқсанда 13:00.

«Жұлдыздар тоғысқанда» - 4 желтоқсанда 13:00.

Фильмдер қазақ және орыс тілдерінде жүреді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер

Берік Айтжанов

Актер