Режиссер Сатыбалды Нарымбетовпен кездесу өтеді
7 қазанда КБТУ киноклубы 2017 жылдың Оскарына ұсынылған «Аманат» отандық картинасының көрсаетілімін ұйымдастарды. Іс-шара аясында режиссер Сатыбалды Нарымбетовпен кездесу өтеді.
Кездесуге актер Азиз Бейшеналиев те келеді, ол фильмнің түсіру барысы туралы әңгімелеп көрерменді қызықтыратын сұрақтарға жауап береді. Сондай-ақ арнайы шақырылған қонақ монтажер әрі продюсер Эрве Шнайд, ол «Деликатесы» және «Амели» (Жан Пьер Жене) фильмдері арқылы белгілі. Шнайд драманың түсірілім туралы ойларымен бөліседі.

«Аманат» фильмінің түсірілімі
«Аманат» Сталиннің кезінде сотталған белгілі қазақ тарихшысы Ермұхан Бекмахановтың тағдыры жайлы. Рөлдерде: Берік Айтжанов, Қарлыгаш Мұхамеджанова, Санжар Мәдиев, Азиз Бейшеналиев, Құралай Анарбекова.
Кездесу 7 қазанда сағат 19.00-де ҚБТУ залында өтеді.Кіру тегін. Келушілердің алдын ал тіркелуін өтінеміз.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін