«В поисках потерянной мечты» фильмінің жабық көрсетілімі өтеді
Режиссерлықтың соқпақ жолына енді түскен Нұрди Лесбек «В поисках потерянной мечты» деп аталатын фильм түсірді. Фильмнің сценарийі 3 юыл бойы жазылған екен. Нәтижесінде фильм бәрін қамтыған: Адам туралы, оның ұмтылысы мен идеалы, жалпы өмір жайлы.
Фильммен жұмыс істеген шығармашылық топқа оператор Азамат Жанабеков, актриса Ақмарал Танабаева және саунд-продюсер Ванчела Лигай кірді. Лигайдың тобы фильмнің авторлық саундтрегін жазды. Жоба продюсері Еркежан Мақсұт.

Фильмнен кадр
Кинокартинаның түсірілімі Астана және шардары қалаларында өтті. Нұрди Лесбектің айтуынша, ең ауыр және қатал түсірілімдер Шардарада 10 күн бойы жүрген. Команда фильмнің хронологиясын сақтауға тырысқан, сценарий бройынша, көріністерді үзбей түсірген. Фильмнің бюджеті 300 мың тенге.
Режиссердың айтуынша, фильмнің тұсаукесері қазан айының басына жоспарланған. Тұсаукесер картинаға музыка жазған топтың қатысуымен арт-кеш форматында өтеді.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін