È

«Ессіз әйелдің күнделігі» фильміне кастинг жарияланды

«Ессіз әйелдің күнделігі» фильміне кастинг жарияланды

Alma pictures пен Batyroff production «Ессіз әйелдің күнделігі» толықметражды фильміне кастинг жариялады. Картинада танымал вайнер, жас сценарист әрі режиссер Нұрлан Батыров ойнайды.

Фильм түсірушілер эпизодтық рөлдерді сомдайтын тартымды актрисаларды іздеп жатыр. Үміткерлердің жасы 18-25 аралығында болуы шарт. Ұлты маңызды емес. Картина түсірілімі 19 ақпан күні басталып, Алматыда өтеді.

Фото: voxpopuli.kz
Фото: voxpopuli.kz

Еске сала кетсек, «Ессіз әйелдің күнделігі» - желідегі танымал кейіпкер Ессіз әйелге арналған комедиялық таспа. Оның өмірі көрермендерге алғаш рет баяндалмақ.

Қатысқысы келетіндер фотосуреттерін (бет-жүзі) мына нөмірге жіберулері тиіс: WhatsApp: 8 (707) 368 88 68.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

17 февраля 2018, 02:09

Нурлан умеет играть, он знает эту женщину отлично. Ждём юмора, чёрного по белому.

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер