«Милашка KZ» фильміне кастинг жарияланды

«Милашка KZ» толықметражды фильміне басты рөлді сомдайтын актриса қажет. Бас продюсері әрі рөлдердің бірін сомдаушы – Марина Сүлейменова.
Картина авторлары сырт келбеті Марина Сүлейменоваға ұқсайтын, қазақ және орыс тілдерін білетін, сымбатты, тартымды жас қызды іздеп жатыр. Үміткерлердің кинодағы тәжірибесі құпталады.
.jpg)
Кинотаспа жұмысы қарашада басталып, екі қалада – Алматы мен Шымкентте өтеді. Сюжеті әзірге құпия ұсталуда.
Кастинг биылғы жылдың 1 қарашасына дейін созылады. Барлық сұрақтар бойынша f_i_l_m@mail.ru поштасына жазу қажет.
Еске салсақ, Марина Сүлейменова бұрын «Отбасы», «Отбасы 2», «Көршілер» хикаяларына және «Соқыр махаббат» толық метріне түскен болатын. Атқарушы продюсер ретінде «Қария», «Шаһар ханымы» сынды көпбөлімді жобалармен айналысқан.
Арайлым Танкаева
.jpg)






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін