È

«БейнеБәйге» атты бейнероликтер байқауы басталды

«БейнеБәйге» атты бейнероликтер байқауы басталды

Beeline компаниясы YouTube пен Genesis-тің қолдауымен бейнеблогерлер арасында «БейнеБәйге» байқауын ұйымдастырып жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның мақсаты – Қазақстан бейнеблогерлер қоғамын нығайту және сапалы әрі қызықты бейнеконтент құруға әсер ету.

Байқауға 2017 жылдың 9 қарашасынан кейін YouTube-та жарияланған, 3 минуттан аспайтын бейнероликтер қатыса алады. Автор әр түрлі номинация бойынша үш рет өтініш бере алады.

«БейнеБәйге» байқауы екі кезеңнен тұрады. Біріншісі – 30 қарашаға дейін созылатын өтініштерді қабылдау. Екінші кезең – 1-8 желтоқсан аралығында өтетін халықтық дауыс беру. Жеңімпаздар 9 желтоқсан күні анықталады.

Үміткерлердің жұмыстары 4 номинация бойынша: «Жас бейнеблогерлер», «Үздік YouTube-жоба 2017», «YouTube-тағы үздік телеарна» және Beeline-нан арнайы номинация бойынша ұсынылады.

«Жас бейнеблогерлер» бөлімінде жеңімпаздар мынадай категориялар бойынша анықталады: «Лайфстайл», «Beauty-блог», «Gaming/Летсплей», «Балаларға арналған бейнеблог», «Скетчком» (ойын-сауықтық-комедиялық блог), «Автоблог», «Аспаздық», «Музыкалық влог», «Үздік шолушы» (кино, техника, жаңалықтар) және «Әр түрлі» (кинорежиссерлар үшін).

Жобаның жалпы жүлде қоры 5 миллион теңгені құрайды. «Гран-при» иегерлері 1 миллион теңгеге түсірілім құрылғыларын сатып алу мүмкіндігін сыйлайтын 2 сертификатқа ие болмақ. Қосымша iPhone X ұтысқа тігіледі.

Қатысу үшін videobaiga.kz ресми сайтындағы сауалнаманы толтыру қажет.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер