È

«Ауылдастар 2» ситкомының көрсетілімі басталды

«Ауылдастар 2» ситкомының көрсетілімі басталды

«НТК» телеарнасынан «Ауылдастар 2» хикаясы көрсетіле бастады. Екінші маусымның режиссері - Дмитрий Қырықбаев, продюсерлері - Саида Игенбек және Ақылбек Досжанов.

Айбек шалғай бір ауылда әскери міндеттен қашып жүреді. Қаладан ауылға көшіп келген ол ауыл өміріне бейімделуге тырысады. Бірақ, әрбір күн оған түрлі сынақтарды дайындайды, барлық тығырықтан достары шығуға көмектеседі.

Көрермендер хикаяның жалғасынан қайтадан Олжас Нұрбаевты, Еділ Анарбайды, Айдана Шәріпханованы, Мейіржан Төребаевты және Ернұр Ахметовты көретін болады. Олжастың айтуынша, хикаяда жаңа кейіпкерлер де болады екен, олар көрермендерге ұнауы тиіс.

Жалғасының түсірілімі Алматы облысында өткен. «Ауылдастар 2» хикаясы ағымдағы жылдың тамызынан қыркүйекке дейін түсірілді.

Жаңа бөлімдерді жұмыс күндері сағат 22:20-да көріңіздер.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Madibek Ayan

14 қараша 2017, 20:00

Казакша тусырыле ма

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист