È

ZHAIK Film Fest екінші қысқаметрлі фестивалі басталды

ZHAIK Film Fest екінші қысқаметрлі фестивалі басталды

Оралда ZHAIK Film Fest екінші қысқаметрлі фестивалі басталды. Кинокөрсетілімді БҚО жастар саясатына қатысты Басқармамен бірге «Орал киноклубы» және «Шабыт» шығармашылық бастамасы орталығы» ұйымдастырды.

Жалпы республикалық байқауда 16 картина ұсынылған: Айдана Сыдықбекова «Қатысу», Бигелді Әбдібек «Мәди», Әмір Әменов «Мас балықтар таңы», Аян Найзабеков «Әке», Самғар Рахым «Малыбайдағы оқиға», Алтынай Емелхан «Құс», Райымбек Әлжанов «Практикант», Асылхан Шәкенов «Бір күні кішкентай қалада», Жәнібек Мұртазин «Қыс мезгіліне жабылды», Тимур Сердалин «Қош бол, досым», Берік Жаханов «Еркек», Олжас Ермекбаев «Дұшпандар», Рахымжан Қалдыкөз «Шыңырау», Елжас Ертісбаев «White, black, grey», Ален Рахметалиев «Соңғы мұғалім», Алдияр Байрақымов пен Венера Қайыржанова «Хлоп-топ».

Байқауда Оралдан шыққан режиссерлар арасында «Қасірет» фильмімен Абылай Төрекешов бар және Аман Байтинов - «Періштенің көз жасы», Мержан Серіков - «Абайла махаббат», Армат Телманов - «Ыза», Ахмет Ихсанғали - «Уақыт», Идрис Галимуллин - «Түсік», Дамир Дәрібаев - «Іштен тыну».

Кинокартиналарды режиссер Жасұлан Пошанов, режиссер Нариман Төребаев, қоюшы-оператор Шерхан Таңсықбаев және режиссер Максим Қодаровтан тұратын қазылар алқасы бағалайтын болады.

Жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталады: «Гран-при», «Үздік режиссер», «Үздік сценарий», «Үздік актер», «Үздік актриса», «Үздік оператор», «Орал байқауының үздік фильмі», «Көрермен көзайымы».

Еске салсақ, алғашқы ZHAIK Film Fest 2016 жылы өткен болатын, оған Орал мен Батыс Қазақстан облысының кинематографшылары қатысқан.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер