È

«Асыл арман» мелодрамасының түсірілімі басталды

«Асыл арман» мелодрамасының түсірілімі басталды. Қазақстан киносы

«Satti media partners» кинокомпаниясы «Асыл арман» хикаясының түсіріліміне кірісті. Көпсериялы фильмнің режиссері «Жібек» және «Жібек 2» хикаяларымен жұмыс істеген Нұрғиса Әлмұрат болды. Жаңа мелодрама «Астана» телеарнасының тапсырысы бойынша түсірілуде.

Сюжет бойынша Жания мектеп бітіріп, Алматыға келеді. Ол құрбыларымен бірге жоғары оқу орнына түсуді жоспарлайды. Алайда, бір ғана қателіктің салдарынан кейіпкер зардап шегеді. Авторлар картинада қоғамдағы өзекті мәселелердің талқыланатынын мәлімдеді. Жобаның басты тақырыптарының бірі –жаңа туған тастанды сәбилер.

Мелодрамадағы басты рөлді «Қазақ аруы» байқауының бірінші орын иегері, актриса Зухра Сайпи сомдайды. Сонымен қатар, фильмге жас актерлар Сұлтан Ахмет пен Шерхан Пірназаров қатысады.

Жобаға қоюшы-оператор Айбар Қыдырбаев және костюм бойынша суретші Мәдина Әмірхан атсалысты. Хикаяның бас продюсері - Шолпан Батырбаева.

«Асыл арман» хикаясы Алматыда түсіріліп жатыр. Түсірілім жұмыстары 99 күнге созылмақ. Хикая 60 бөлімнен тұрады.

Суреттер Satti media partners компаниясының Instagram-дағы ресми парақшасынан алынды

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер