È

«Көзайым» хикаясының жаңа маусымының түсірілімі басталды

«Көзайым» хикаясының жаңа маусымының түсірілімі басталды. Қазақстан киносы

Bas Dala Grouр «Көзайым» хикаясының жалғасын түсіруге кірісті. Жаңа маусымда көрермендерді біраз өзгерістер күтіп тұр: фильм режиссері Жасұлан Пошанов, қоюшы-операторы Влад Зажерило болды. Картина жалғасындағы басты рөлді Маржан Қалыбектің орнына Ақниет Беласарова сомдайды.

«Режиссер мен қоюшы-оператордың жұымысына жаңа мамандарды шақыруымыздың себебі – жобаға жаңа көзқарас қажет. Ал актриса Маржан Қалыбек тұрмысқа шығып, шетелге көшіп кетті. Актерлік құрам аса өзгере қоймады. Екінші маусымда көрермендерді жаңа кейіпкерлер мен көптеген қызықты өзгерістер күтіп тұр. Хикаяның алғашқы маусымы жоғары көрсеткіштерге ие болғандықтан, «Қазақстан» телеарнасынан жобаны жалғастыру туралы тапсырыс түсті»,-дейді бас продюсер Салтанат Қалиева.

Суреттер Салтанат Қалиеваның жеке Instagram парақшасынан алынды

«Көзайым» хикаясындағы оқиға ағайынды Сұлтан мен Еркебұлан және Көзайым есімді бойжеткен аясында өрбиді. Кейіпкерлер махаббат, отбасылық түсініспеушілік, достық пен қастықты бастан өткереді.

Екінші маусымдағы негізгі кейіпкерлерді Батыр Байназаров, Нұрболат Абдуллин, Ерік Жолжақсынов, Айгүл Иманбаева, Азат Сейтметов, Әділ Ахметов, Асқат Үрпеков және Райхан Айтқожанова сомдайды.

Хикая түсірілімі шамамен қыркүйекте аяқталады, ал эфирге мелодрама келесі жылы шығады. Көрермендерге барлығы 20 эпизод ұсынылады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ержан Жарылқасынұлы

Актер

Әмір Қарақұлов

Режиссер