È

«Қария» хикаясының түсірілімі басталды

«Қария» хикаясының түсірілімі басталды

Алматыда «Қария» хикаясының түсірілімі өтуде. Көпсериялы драманың өндірісімен режиссер Асхат Мұсабай мен бас продюсер Нұржайна Жұмаділлаева айналысып жатыр. Телефильм «Хабар» телеарнасының тапсырысы бойынша қазақ тілінде түсіріліп жатыр.

«Қария» хикаясы – әке мен бала арасындағы қарым-қатынас пен заманауи өмірдің қатал шындығын ашып көрсететін әлеуметтік-қылмыстық драма. Көпсериялы фильмнің негізгі сюжеті қарттар үйінің аясында өрбиді. Фильмнің басты кейіпкері - қарттың рөлінде көпшілікке Әділхан Ержановтың «Хозяева» картинасы арқылы танымал театр және кино актері Бауыржан Қаптагай. Сонымен қатар, хикаяда Ақмарал Дайрабаева, Мадина Оспан, Алмас Сақатов, Айқын Төлепбергенов ойнайды.

Картина түсіріліміне қоюшы-оператор Сәбит Семетаев, дыбыс режиссері Серік Кабепаев, қоюшы-суретші Руслан Оспанов, костюм және грим суретшілері Дамира Телбаева және Толқын Асылбекова атсалысты. Атқарушы продюсері - Марина Сулейменова.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Askhat

7 апреля 2017, 22:41

Интересно кого Айкын Толепбергенов сыграет...

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер