È

«Бастық боламын» ситкомының екінші маусымы басталады

«Бастық боламын» ситкомының екінші маусымы басталады

11 желтоқсан күні «Жетінші арна» эфирінен «Бастық боламын» ситкомының екінші маусымы басталады. Комедиялық хикаяны Kerec cinema кинокомпаниясы түсірді.

«Бастық боламын» ситкомы мемлекеттік қызметкері болуды армандайтын Арман есімді алматылық жігіт туралы баяндайды. Жағдайға байланысты, кейіпкерді Бүлдірген ауылы әкімінің орынбасары етіп тағайындайды. Ауылға келген Арман жергілікті тұрғындардың дәстүріне қарсы тұрамын деп, күлкілі жағдаларға тап болады.

Хикая кейіпкерлерін Ерлан Қасымжанұлы, Уәлибек Әбдірайымов, Жүсіп Ақшора, Нұрбол Айтулов, Дәнекер Оразбай және Шынар Асқарова сомдады.

«Бастық боламын» ситкомының түсірілімінен сурет. Сурет «Жетінші арнаның» Instagram-дағы парақшасынан алынды

Көпсериялы фильмнің түсірілімі наурыз бен қыркүйекте Алматыда, Алматы облысында және Қаракемер ауылында өткен. Түсірілімге қоюшы-оператор Талғат Қалиев және дыбыс режиссерлері Серік Кәпебаев пен Зураб Құрманбаев атсалысты.

Жобаның қоюшы-режиссері және сценарий авторы - Ерлан Қасымжанұлы.

Еске салсақ, «Бастық боламын» екінші маусымының алғашқы бөлімдері Наурыз мейрамының құрметіне орай наурызда көрсетілген болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Тимур Жақсылықов

Сценарист