Стивен Спилберг – бұл үнемі қолы босамайтын әрі келесі жобаны күтіп отыра бермейтін пысық режиссер. Тіпті, жыл сайын оның жаңа фильмі жарыққа шығып отырады. Былтырғы жылдың соңында экранға Спилбергтің «Құпия құжаттама» атты керемет драмасы шыққан болатын, басты рөлдерді Том Хэнкс пен Мэрил Стрип сомдаған. Сол уақытта «Алғашқы ойыншы дайындалсын» фантастикалық блокбастерінің пост-продакшны өткен, картина көрермендерге наурыз айының соңында жол тартады.