È

Сот «Қазақфильмнен» 5,5 га жерді алу туралы шешім шығарды

Сот «Қазақфильмнен» 5,5 га жерді алу туралы шешім шығарды

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қазақфильмнен» 5,5 га жерді күштеп алу туралы ісінің тыңдалымы өтті. Сот шешімді әкімдіктің пайдасына шешті, яғни ол киностудиядан 5,5 гектар жерді алуға құқылы, деп хабарлайды informburo.kz.

«Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Айнұр Исаеваның хабарлауынша, оларды қаланың жер қатынастары басқармасымен киностудия иелігінде алдыңғы жолы көрсетілген 16,5 га емес, 10,5 га жердің болғанын растайтын қосымша келісім жасауға мәжбүрлеген. Алайда, «Қазақфильм» басшылығы оңайлықпен берілмек емес. 30 күннің ішінде олар сот шешіміне шағымданбақшы.

Айта кетсек, «Қазақфильм» иелігіндегі жер учаскесі мемлекеттік меншігі болып табылады, ол 49 жылға жалға берілген. Киностудияның ойынша, әкімдік жерді тартып алуға қатысты ҚР заң нормаларын ескермеген сыңайлы: жалға беру туралы келісім-шарт даулы мәселелердің сотқа дейінгі шешімінсіз біржақты тәртіппен бұзылған еді.

Алдыңғы жолы, 5,5 гектар жердің Ethnoland этно-қалашығы құрылысына кетеніні хабарланған болатын. Қазір көрсетілген аймақта «Қазақ хандығы» мен «Томирис» фильмдерінің көлемді екі түсірілім декорациясы тұр.

Әкімшіліктің айтуынша, этно-қалашық түсірілімге беріледі және ол киностудияның жұмысына еш кедергі келтірмейді.

 

Превью: informburo.kz

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер