È

«Super Той» комедиясының тұсаукесері

«Super Той» комедиясының тұсаукесері

Тойға дейінгі дайындық кезеңіндегі қиындықтар мен қызықтарды қазақстандық режиссер Ғалым Асылов өзінің «Super Той» комедиясында көрсетуді жөн санапты. Ғалымға көмекке Арманжан Байтасов, Данияр Тебаев, Олег Абдулкабиров-та келген. Сценарий авторлары – Еркен Губашев пен Андрей Ходин.

Кинолентаның авторлары қазақстандық кино өнерінің жұлдыздары: Динара Бақытбаева, Арыстан Абдылдаев, Элина Шакеева, Мұратжан Сәрсенбаев, Азамат Әбділдинов, Нұрлан Батыров және Меруерт Добрынина.

Арманжан Байтасов, продюсер:

Біз комедия жанрына тоқталдық, өйткені қазіргі кезде осы жанр сұранысқа ие. Үйлену тойы – бұл адам өміріндегі ең қызық, ең маңызды мереке. Той кез келген адамға жақсы таныс. Әр көрермен үшін тақырып түсінікті әрі жеңіл. Көрермен фильмді тамашалудан ләззат алып, залдан көңіл-күйлері көтеріңкі болып шығады деп үміттенеміз. Мен осы фильмге атсалысқан адамдарға, актерлерге, түсіру тобына, сценаристерге, режиссерлерге алғысымды білдіремін. Олар – өз істерінің мамандары. Бүгінде қазақстандық кино аяғына тұрып, өркендеп келе жатқанына қуанамын.

Олег Абдулкабиров, продюсер: – Фильм өте қарапайым, жеңіл, көңілді. Көрермен біздің еңбегімізді жақсы бағалайды деп ойлаймын. Өкінішке орай, техникалық кедергілерге байланысты фильмнің жарыққа шығарылу уақыты сәл шегерілді. Сондай-ақ біз бұл картинаның экранда блокбастерлермен, голливудтық фильмдермен бір уақытта қатар көрсетілгенін қаламадық. Өйткені шетелдік фильмдермен бәсекелесу қиындау. Бір қуантатыны, отандық кинемотограф бір орында тұрып қалған жоқ. Сапалы толықметражды фильмдер түсірілуде.

Аз қаржыға түсірілген комедия болсын, мейлі трагедия болсын, отандық киноиндустрияда сұранысқа ие, меніңше осы бағыттан таймаймыз.

Бітпейтін дайындық, қызықты оқиғалар, күлкілі кейіпкерлер, барлығы кинофильмде көрініс тапты. Тақырып әрине, тың емес, бірақ оны қашан да дәмділеп ұсынуға болады. Кинолента қазақстандық көрерменнің көңілінен шығады деп үміттенеміз.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист