«Жұлдыздар тоғысқанда» Петропавловскіде көрсетілді
Петропавловскіде екі күнге созылған республикалық Қазақстан жас полицейлері слеті өтті. Іс-шара барысында елбасы туралы "Жұлдыздар тоғысқанда" фильмі көрсетілді. Үш сағаттық көрсетілімнен кейін қатысушылар актерлер Берік Айтжановпен, Алдабек Шалбаевпен, Ғани Құлжановпен және Жаннат Куанышевамен кездесіп, тілдесуге мүмкіндік алды. Әртістер түсірілім туралы әңгімелеп, көрермендердің сұрақтарына жауап берді.

Слет қатысушыларының айтуынша, фильм оларға жақсы әсер қалдырған, олар фильмнің өздерінің өмірдегі мақсаттары туралы қайта ойлануға түрткі болған. Жалпы алғанда фильмді Қазақстанның әр түкпірінен келген жүзден астам полиция қызметкерлері тамашалаған.
Естеріңізге сала кетейік, «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмі «Ұлт көшбасшысы» циклінің бесінші эпизоды. Картина 28 сәуірде жарыққа шықты. Картина режиссеры - Сергей Снежкин. Рөлдерде Берік Айтжанов, Динара Бақтыбаева, Қарлыгаш Мұхамеджанова және басқалар.
Айгерим Каскыр






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін