È

Талғат Теменов «Махаббат бекеті» жалғасының түсіріліміне рұқсат бермеген

Талғат Теменов «Махаббат бекеті» жалғасының түсіріліміне рұқсат бермеген

Кинорежиссер әрі сценарист Талғат Теменов Баян Алагөзованың «Махаббат бекеті» фильмінің жалғасын өзінің рұқсатынсыз түсіргеніне таң қалды. Картина қоюшысының айтуынша, продюсер оның авторлық құқығын бұзған. Бұл туралы Талғат Досымғалиұлы abai.kz-ке берген сұхбатында айтқан.

«Мен осы ақпаратты сол фильмді түсіріп жатқандардан емес, айдаладағы біреулерден естідім. Жасырмаймын, естіп таң қалдым. Тіпті, ұяттау болды. «Махаббат бекеті» ол - менің фильмім. Тіпті, керек десеңіз, мен «Махаббат бекеті» фильмінің режиссері, сценарий авторы ғана емес, повесттің де авторымын. Айтпақшы, былтыр маған Баян хабарласты. Анау бір қайғылы оқиғадан кейін, ауруханадан шыққан кезі екен. Хабарласып, «Талғат Досымғалиевич, бір бомба дүние жасайық» деп, осы «Махаббат бекетінің» жалғасын түсіру туралы айтты. Әзіл-шыны аралас әңгімемізден кейін, мен «көрейік» деп қоя салдым. Одан кейін, ол менің көмекшіммен бір мәрте ғана сөйлескен. Біз фильм түсіруге келісімімізді бермедік», - деп түсіндірді Талғат Теменов.

«Махаббат бекеті» фильмінен көрініс
«Махаббат бекеті» фильмінен көрініс

«Махаббат бекеті» - 1993 жылы жарыққа шыққан мелодрама. Фильмдегі Гүлназ есімді басты кейіпкерді Баян Алагөзова сомдаған. Аталмыш рөл оның кинодағы актерлік дебюті болатын.

«Махаббат бекеті» жалғасының шығу мүмкіндігі жайлы Баян Мақсатқызы алғаш 2017 жылы айтқан еді. Биылғы жылдың мамыр айында продюсер кастинг өткізіп, шілдеде тобымен бірге «Тағдыр бекеті» таспасының түсіріліміне кіріскен.

«Тағдыр бекеті» түсірілімінен көрініс
«Тағдыр бекеті» түсірілімінен көрініс

«Бұл - ұрлық. Интеллектуалды ұрлық. Мен - авторымын. Менің шығармама менің рұқсатымсыз неге тиседі? Өздерінің де фильмдері бар ғой. Керек болса, Баян «Коровасының» жалғасын түсірсін. Автор ретінде мен бұған келіспеймін. Егер Америкада немесе Еуропада болсақ, бұл үшін Баян жауап беретін еді. Бір дүние анық. Олар бұны өнер жасайын деп түсіріп жатқан жоқ. Ақша табу мақсатында жасап жатыр. Сондықтан, керек болса Еуропалық, Бүкіләлемдік авторлық құқық қорғау ұйымдарына шығуға дайынмын», - деп қоса кетті Талғат Досымғалиұлы.

Еске сала кетсек, «Тағдыр бекетінің» түсірілімі аяқталды. Фильм режиссері Ернар Нұрғалиев болды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер