È

Баян Алагөзова «Тағдыр бекеті» фильмінің түсірілімін аяқтады

Баян Алагөзова «Тағдыр бекеті» фильмінің түсірілімін аяқтады

Бүгін, 26 шілде күні «Тағдыр бекеті» мелодрамасының түсірілімі аяқталды. Картина - Баян Алагөзованың Shine production продюсерлік орталығының жаңа жобасы. Түсірілім уақытының аяқталғанын продюсер Инстаграмдағы жеке парақшасы арқылы хабарлады:

«Қайырлы таң, біз аяқтадық!» (Пунктуация мен орфография сақталған. –Ред.).

«Тағдыр бекеті» - 1993 жылы Талғат Теменов түсірген «Махаббат бекеті» таспасының жалғасы. Сиквелдің қоюшы-режиссері - Ернар Нұрғалиев, ал басты рөлдерді жас актерлар Әйгерім Мақсұтова мен Асқар Ілиясов сомдады. Сонымен қатар, фильмге Баян Алагөзованың өзі түсті.

Картина түсірілімі 5 шілде күні басталып, Алматыда және Алматы облысындағы Сарыөзек ауылында өтті.

Баян Алагөзованың оқырмандары фильмді тым қысқа уақытта түсіріп біткенін айтса, енді бірі продюсерді құттықтауға асықты:

«Біреулер жылдап түсірседі, ал сіз тез аяқтапсыз», «Бастысы нәтиже! Ернардың жобалары жақсы болып шығады! Ол өз ісін біледі!», «Тез ба?!», «Құттықтаймын! Көрсетілімді асыға күтемін», «Фильм біріншісінен нашар болмайды деп үміттенемін», «Жаңа фильмді асыға күтеміз».

 

Доброе утро, мы закончили! #станциясудьбы

Публикация от Bayan Maxatkyzy Alaguzova (@baianmaxatkyzy)

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер