È

«Сказ о розовом зайце» фильмінің телекөрсетілімі

 «Сказ о розовом зайце» фильмінің телекөрсетілімі

Бүгін, 26 желтоқсанда Hit TV телеарнасының эфирінде Фархат Шариповтың «Сказ о розовом зайце» фильмі көрсетіледі. Криминалды драманың өндрісімен SLED Production House студиясы және «Қазақфильм» киностудиясы айналысқан болатын.

«Сказ о розовом зайце» Ерлан есімді студент жайлы. ол ақшадан қатты қысылғандықтан алқызыл қоянның киімін киіп алып, парақшалар таратып, ақша табады. Бір күні Ерланның өмірі күрт өзгереді. Біріншіден, ол жол апатында адамның қайтыс болғанына куә болады, екіншіден байдың балаларының ортасына түсіп, олардың арасынан өзіне дос табады. Осы екі оқиғаның шешімі бір болады. Оқиға немен аяқталады, көрермендер Hit TV телеарнасынан көре алады .

Рөлдерде: Ануар Нүрпеисов, Максим Акбаров, Қарлығаш Мұхамеджанова, Фархад Абдраимов, Саят Исембаев, Мұрат Бисенбин.

Сценарий авторы картина режиссеры Фархат Шарипов. Продюсері Ермек Аманшаев.

«Сказ о розовом зайце» драмасының тұсаукесері 2010 жылы 26 сәуірде өтті. Фильмнің ұзақтығы - 96 минут.

Фильмнің көрсетілімі Hit TV арнасында сағат 20.00-де.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санжар Мәди

Актер