«Жол. Путь боксера»фильмінің телекөрсетілімі
бүгін, 5 ақпанда, 17:00-де «НТК» телеарнасында «Жол» фильмі көрсетіледі. Драманың қоюшы-режиссеры және сценарий авторы - Асқар Ұзабаев.
«Жол» драмасы Огонек деп атанып кеткен жас боксшы жайлы. Күндіз жас жігіт қара базарда жұмыс істейді, кешке ережесіз төбелеске қатысады. Бірде кәсіби бокшылар клубына түскен жігіттің өмірі өзгереді. Ол кәсібилердің ортасына сіңіп кете ала ма, жаттықтырушыларды, қарсыластарын мойындата ала ма, мұны бүгін біле аласыздар.

Сценарий жазуға Фархат Шәріпов және Еркебұлан Бектұров қатысты. Операторы – Азамат Дулатов. Картинаның өндірісімен «Қазақфильм» және 567 cinema киностудиялары айналысты.
Картинаға түскендер: Назар Сұлтанбаев, Фархат Абдраимов, Динара Жұмағалиева, Ерік Жолжақсынов және басқалар.
«Жол» драмасы прокатқа 2015 жылдың қарашасында шыққан болатын.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін