È

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған телебағдарлама

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған телебағдарлама

Мінеки, мамыр айының алғашқы мерекесі - Қазақстан халқының бірлігі күні мейрамы да келіп жетті. Бұл күні отандық телеарналар өз көрермендеріне мағыналы әрі қызықты фильмдер жиынтығын ұсынбақ. «Бродвей» кинопорталы 1 мамыр күні телеэкраннан көрсетілетін фильмдер топтамасын жасады.

«Бірінші Қазақстан» арнасы көрермендерге отандық айналымдағы жаңа өнім - «Келинка тоже человек» фильмін көрсетеді. Комедиялық таспа Айжан мен енесі екеуінің қызықты оқиғасын баяндайды. Картинаға Әсел Сәдуақасова, Данагүл Темірсұлтанова, Данияр Алшынов және т.б. актерлар түсті. Фильм режиссері - Асқар Ұзабаев. Комедия жергілікті уақытпен сағат 17:50-де көрсетілетін болады.

Көрермендер Хабар» телеарнасынан бірден екі отандық фильм: Ермек Тұрсыновтың «Кемпiр» және Асқар Ұзабаевтың «Коктейль для звезды» туындыларын көре алады. «Кемпiр» фильмінде қарт Қайырғали мен әйелі Күлпаштың қызықты оқиғалары ұсынылады. Картинада Қадырбек Демесін және Ғазиза Әбдінәбиева ойнайды. Фильмді сағат 14:25-те тамашалай аласыздар.

«Коктейль для звезды» комедиясы - әнші болужы мақсат тұтқан Мөлдір есімді қыз туралы. Бойжеткенге танымал продюсер Баян Есентаева көмектеседі. Фильмге Мөлдір Әуелбекова, Мейрамбек Беспаев, Нұртас Адамбаев және т.б. түскен. Фильм көрсетілімі сағат 17:15-те басталады.

«Кемпiр» фильмінен көрініс

«КТК» телеарнасы да көрермендерін отандық туындылармен қуантпақ. Экран арқылы 2016 жылы желтоқсан айында жарыққ шыққан «Бизнес по-казахски» комедиясы көрсетіледі. Фильм продюсері - танымал тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев, ал режиссері - Жеңісхан Момышев. Картина отбасылық кәсіпті өркендетуге бар күшін салатын Жомарттың оқиғасын баяндайды. Кейіпкер шетелдік инвесторларды кездесуге көндіріп, презентацияға дайындалады. Бірақ, маңызды күннің алдында барлық қызметкерлер жұмыстан шығып кетеді. Осындай қиын кезеңнен Жомарттың қалай жол тауып кететінін сағат 21:00-де көріңіздер.

«Алматы» телеарнасынан көрермендер «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының «Тығырықтан жол тапқан» атты төртінші фильмін тамашалай алады. Картина Нұрсұлтан Назарбаевтың Теміртау ең ірі металлург комбинатындағы партком жетекшісі болған кезеңін баяндайды. Фильмді режиссер Рүстем Әбдірашев «Қазақфильм» киностудиясының негізінде түсірген. Елбасының рөлін актер Нұрлан Әлімжанов сомдады. «Көшбасшы жолы. Тығырықтан жол тапқан» фильмі 2014 жылы жарыққа шыққан. Картинаның көрсетілімі сағат 20:00-де болады.

«Бизнес по-казахски» фильмінен көрініс

«НТК» ойын-сауық арнасы шетелдік фильмдер көрсетуді жөн көрді. Телеарна эфирінен Джеймс Ганның фантастикалық туындысы «Стражи галактики» фильмін көре аласыздар. Сюжет бойынша жалшы Питер Квиллдің оқиғасы баяндалады. Оған бір өрісті алу тапсырылады. Кейін белгілі болғандай, ол өріс бүкіл ғаламды жоя алатын керемет күшке ие болып шығады. Оқиға Питер мен оның дүниесінің артынан қуғыншылар қуған кезде шиеленісе түседі. Өрісті алуға әйгілі жауыз Ронан да құлшыныс танытады. Фильм Marvel-дің осы аттас хикаясының негізінде түсірілген. «Стражи галактики» фильмі сағат 19:40-та көрсетіледі.
Жайлы көрсетілім тілейміз!

3 пікір

Пікір қалдыру үшін

Назгуль Айбекова

1 мамыр 2017, 22:28

келинка тоже человек керемет кино жане оте жаксы тусирген казактын осындай жаксы тусирилген кинодары коп болсын

Алина

2 мамыр 2017, 00:24

С праздником, любимый Брод! =)

Brod.kz

2 мамыр 2017, 13:00

Спасибо!

Таныс бейне

Ғабит Мұстафа

Актер

Ерлан Хайрушев

Актер

Никита Казанцев

Актер

Елхан Аманқұлов

Актер

Рүстем Түрікбенбаев

Актер