È

Тимур Бекмамбетов Денис Теннің сценарийі бойынша жоба түсірмек

Тимур Бекмамбетов Денис Теннің сценарийі бойынша жоба түсірмек

Режиссер әрі продюсер Тимур Бекмамбетов қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ойға алған «Соқыр махаббат» фильмін түсіретін болды. Қайғылы қаза алдында спортшы Тимур Бекмамбетовке өз жобасын ұсыну мүмкіндігіне ие болып, Bazalevs кинокомпаниясының Screenlife Contest байқауының жартылай финалына өткен еді. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Бұл орын толмас қайғы, жақындарына көңіл айтамын. Біз міндетті түрде оның идеясын жүзеге асырып, жан-жақты дарынды тұлғаға арналған фильм түсіруге тырысамыз. Тен 25 жасына дейін көптеген жетістіктерге жетіп үлгерді, алдында да үлкен жоспарлары бар еді, тірі болғанда барлығын жүзеге асыратын еді. Өйткені, өте еңбекқор болатын», - деді Бекмамбетов.

Денистің ойынша, «Соқыр махаббат» жобасы Желі арқылы танысатын бір жігіт пен керең әрі мылқау бойжеткен туралы баяндайды. Ғаламтор арқылы ғана араласқан жұп бір-біріне ғашық болады.

Кеше, 19 шілде күні пышақ жарақаты салдарынан белгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қайтыс болды. Спортшы автокөлігінің айнасын ұрлайын деп жатқан ұрылардың үстінен түскен.

 

Сессия питчинга в Bazelevs Production. В жизни больше всего я люблю идеи. Иногда они приводят к удивительным результатам, к знакомству, например, с Тимуром Бекмамбетовым. На Screenlife Contest участие принимали более 250 конкурсантов по всему миру. Вчера я попал в число 18 полуфиналистов. Как так вышло не знаю. Но одна одинокая идея, родившаяся совсем недавно, стала лотерейным билетом в этот необыкновенный жизненный опыт. #screenlife #screenlifecontest @bazelevs.company @bekmambetovtimur

Публикация от Denis Ten (@tenis_den)

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер

Сәбит Мұстафа

Актер