È

«Инстаграмшыл қыз» фильмінің тизері

«Инстаграмшыл қыз» фильмінің тизері

«ДК» production компаниясы «Инстаграмшыл қыз» комедиялық фильмінің тизерін шығарды. Картина желіде @ainura_official есімімен танылған Айнұрдың оқиғаларын баяндайды.

Сюжет бойынша Айнұр барлық уақытын Instagram-да өткізеді. Бір күні бойжеткеннің парақшасын бұзып тастайды. Миллион оқырманынан айырылған оған бәрін қайтадан бастауға тура келеді. Бірақ бұрынғы танымалдылығын қайтару оңайға соқпайды.

Бас кейіпкерді Анара Батырхан сомдады, бұл жоба оның кинодағы дебюті. Актрисаның өзі мойындағандай, ол да фильм кейіпкері сияқты Instagram-ның белсенді қолданушысы.

Сондай-ақ, комедияда Әбунасыр Серіков, Айым Сейтметова және Шәріп Серік ойнады.

Картинаның режиссері ретінде Арыстан Каунев жұмыс істеді. Комедияның сценарийін Дархан Тастанов және Қуат Садықов жазды.

«Инстаграмшыл қыз» көрсетілімі биылғы жылдың көктемінде болады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса

Гүлшат Ахметова

Актриса