È

«Инстаграмшыл қыз» комедиясының түсірілімі аяқталды

«Инстаграмшыл қыз» комедиясының түсірілімі аяқталды

«Мәдениет үйі» компаниясы «Инстаграмшыл қыз» комедиялық фильмінің түсірілім барысын аяқтады. Жоба сценарист Арыстан Кауневтің («Қазақша кәсіп», «Аға ма әлде неке ме?» фильмдерінің сценарий авторы) режиссерлік дебюті болды.

«Инстаграмшыл қыз» фильмі - «Q-Елі» скетчкомының кейіпкері Айнұрға арналған толықметражды таспа. Әлеуметтік желіні белсенді түрде қолданатын бойжеткен күйзеліске ұшырайды, яғни оның @ainura_official парақшасын біреулер бұзып алады. Айнұр мыңдаған оқырмандарын және танымалдылығын қайтару кезінде өмірдің шынайы құндылықтарын сезіне бастайды.

Сценарий авторлары Дархан Тастанов пен Қуат Садықовтың айтуынша, фильм идеясы әлеуметтік желінің шынайы адамдық сезімдер мен қарым-қатынастың орнын баса алмайтынын жеткізу болып табылады.

«Инстаграмшыл қыз» фильмінің түсірілімінен сурет

Фильм кейіпкерін Анар Батырхан сомдады. Актрисаның сөзінше, көрермендер қызықты, әзілді хикаяны тамашалайтын болады. Көрермендер киноэкраннан Анармен қатар, Қуат Садықов, Айым Сейтметова, Шәріп Серік, Семен Махов және Әбунасыр Серіков сынды актерларды көре алады.

Комедия түсірілімі қыркүйектің ортасында басталып, Алматыда өткен. Кинотаспа түсіріліміне 50 адамнан құралған топ атсалысты.

«Инстаграмшыл қыз» фильмін қазақстандықтар 2018 жылдың көктемінде тамашалайды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса