«Миымды ашытпаңыздаршы» комедиясының тизері
Желіге «Миымды ашытпаңыздаршы» комедиясының тизері жарияланды. Кинотаспаны отандық режиссер әрі сценарист Джами Бейсенов түсірді.
«Миымды ашытпаңыздаршы» - шытырманға толы комедия, кейіпкерлері – каскадер қыз бен оның әкесі. Белгілі бір жағдайға байланысты жанұяның басшысы Шри-Ланкадағы түрмеге түсіп қалады. Әкесін қамаудан құтқару үшін қызға екі күн ғана беріледі.
Картинаға Жібек Жаппасбаева («Бөлінбейтін»), Фархат Күлбаев, Төлепберген Байсақалов және Ерден Телемісов түсті.

«Миымды ашытпаңыздаршы» фильмінің түсірілім тобы
Фильм түсірілімі Шри-Ланкада Цейлон аралында және Қазақстанда өтті.
Режиссер Джами Бейсеновтің айтуынша, фильм бастапқыда «Әкесінің қызы немесе миымды ашытпаңыздаршы» деп аталған. Кейін атаудың екінші бөлігін ғана қалдыруды ұйғарған.
Отандық комедия үлкен экранға 2018 жылдың наурызында шығады.







1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Даник
15 января 2018, 02:47Қызықты кино сияқты ғой. Асыға күтеміз!