È

Шри-Ланкада «Миымды ашытпаңыздаршы» атты отандық фильм түсірілді

Шри-Ланкада «Миымды ашытпаңыздаршы» атты отандық фильм түсірілді. Қазақстан киносы

Шри-Ланкада «Миымды ашытпаңыздаршы» деген қызықты атауы бар қазақстандық фильмнің түсірілімі өтті. Картинаның режиссері әрі сценарий авторы Джами Бейсенов болды. Ол «Аймалашы мені», «Жақ» екі толық метрін және 25 деректі кинотаспаларды түсірген. Режиссер өзінің жаңа туындысы туралы Brod.kz оқырмандарына айтып берді.

«Миымды ашытпаңыздаршы» - бұл роуд-муви бағытында түсірілген комедия. Картина былтырғы жылы Шри-Ланкада Цейлон аралында түсірілді. Бірақ, толық соңғы түсірілімдер жақында ғана Қазақстанда болды. Әзірге фильмнің 70 минуты дайын. Негізі, фильм хронометражы 80 минутқа жуық болмақ. Алғашында, картинаның уақытша атауы «Әкесінің қызы немесе миымды ашытпаңыздаршы» деп аталған еді. Алайда, продюсерлердің шешімімен екінші бөлігін ғана қалдырдық. Айта кету керек, картина атауы ешқандай да географиялық байланысты білдірмейді. Бұл сөйлем кеңес заманында танымал болған»,-деп түсіндірді Джами Бейсенов.

«Миымды ашытпаңыздаршы» фильмінің түсірілімінде Төлепберген Байсақалов және Жібек Жаппасбаева

Комедиядағы басты рөлдерді актриса әрі Nomad Stunts каскадері Жібек Жаппасбаева, Фархат Көлбаев, сондай-ақ, көрермендерге таныс Төлепберген Байсақалов пен Ерден Тілемісов сомдады.

Кинотаспа түсіріліміне қоюшы-оператор Александр Вертяков, қоюшы-суретші Азамат Тұраев атсалысты. Жобаның атқарушы продюсерлері - Виталий Кистанов және Сенака Калувадеваге.

«Миымды ашытпаңыздаршы» картинасы айналымға осы жылдың соңына таман шығады.

 

Суреттер фильмнің Instagram-дағы ресми парақшасынан алынды

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

5 тамыз 2017, 02:10

Ну будет смешно, думаю

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист