È

Төреғали Төреәлі «Тағы да сүй» хикаясының саундтрегін орындады

Төреғали Төреәлі «Тағы да сүй» хикаясының саундтрегін орындады

Алдағы уақытта көрсетілетін «Тағы да сүй» көпбөлімді драмасының саундтрегі жарыққа шықты. Аттас туындыны әнші Төреғали Төреәлі (Төреғали Әлиханов) орындады. Сондай-ақ, әртіс саундтректің бейнебаянына түсті. Әннің сөзін Қайнар Алагөзов, әуенін Олжас Жақыпбек жазды.

«Тағы да сүй» хикаясы көрермендерді ірі кәсіпкердің ұлы Аян есімді жас жігітпен таныстырады. Жігіт сүйкімді бойжеткен Асылмен танысады, екеуінің арасында сезім пайда болады. Жігіттің әкесі ұлының сүйіктісімен танысқан соң, мұндай қызға отбастарында орын жоқ екенін айтады. Содан кейін, Аян мен Асыл сөзге келіп қалады да, кейіпкер көлікті тізгіндей алмай, жол апатына түседі. Ауруханада есін жиған жігітке Асылдың қайтыс болғанын хабарлайды. Естеліктерді, ауыр оқиғаны ұмытуға тырысқан Аян жаңа өмір бастайды. Екі жылдан кейін ол аяқ астынан Асылды жолықтырады.

Өткір сюжетті мелодрамада Аян рөлін Шалқар Құдайберген, Асыл рөлін Адина Бажан, Аянның әкесінің рөлін Әділжан Шомбалов, сондай-ақ Нұрсәуле Әубәкірова, Айзада Сатыбалдиева және Томирис Жанғазинова сомдайды.

Теледраманың қоюшы-режиссері - Асқат Мұсабай. Хикая «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша Taspa Films студиясымен өндірілді.

Көрермендер мелодраманы осы күзде көре алады.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер