È

«Күлтегін» анимациялық фильмнің трейлері

«Күлтегін» анимациялық фильмнің трейлері

 

«Қазақфильм» киностудиясы режиссер Адай Әбелдиновтың «Күлтегін» отандық мультфильмінің трейлерін жариялады. Анимациялық таспа айналымға 22 қарашадан бастап шығады.

Картинадағы оқиға V ғасырдың ортасында өрбиді. Түрік қағанатының тағына ие болу мақсатында жаулар иелікке шабуыл жасап, әйгілі Елтеріс Қағанды өлтіреді. Оның ұлы Күлтегін қашып құтылады. Енді ол халқын құтқару үшін түрлі сынақтардан өтеді. Оған Көк Бөрі мен Білге қаған көмекке келеді. Барлығы біріксе, дұшпанды жеңіп, ұлы мемлекетті сақтап қала алады.

«Күлтегін» фильмінен көрініс
«Күлтегін» фильмінен көрініс

Режиссердің айтуынша, қазір телеарналар шетелдік мультфильмдерді көптеп көрсетіп келеді, ол картиналар жас ұрпаққа ешқандай жақсы тәрбие бермейді. Оларда барлығы бар – бояулар, арнайы эффектілер, батырлар, бірақ ең бастысы – мағына жоқ. Өзгелерге үлгі болатын біздің батырлар туралы айтатын кез жетті.

«Біздің картинамыз батырлық пен ерлік туралы, халықтың бірлігі мен ата-бабаларымыздың ұйымшылдығы жайлы баяндайды. Күлтегін – бүкіл кезеңнің тарихи тұлғасы. Біздің басты мақсатымыз – сол уақыттың мәдениетін көрсету және мультипликация арқылы жас көрерменнің тарихымызға деген қызығушылығын ояту», - деді Адай Әбелдинов.

«Күлтегін» фильмінен көрініс
«Күлтегін» фильмінен көрініс

Анимация сценарийін Адай Әбелдинов пен Жәнібек Нұрбекұлы жазды. Қоюшы-суретшілер Қасиет Сақиолла, Жәнібек Нұрбекұлы және Адай Әбелдинов болды. Кеңесшілер - филология ғылымдарының кандидаты марқұм Едіге Тұрсынов пен Тамара Мұқанова.

Толықметражды мультфильм жұмысына 15 аниматор атсалысты.

Еске сала кетсек, биылғы қазанда қазақстандық айналымға «Мұзбалақ» анимациялық фильмі шыққан болатын, картинаның сценаристерінің бірі Адай Әбелдинов болып келеді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса

Нұрлан Әлімжанов

Актер