È

«Мұзбалақ» отандық айналымға шығады

«Мұзбалақ» отандық айналымға шығады

18 қазаннан бастап «Мұзбалақ» отындық мультфильмі көрермендерге жол тартады. Анимация «Қазақфильм» киностудиясымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілді.

Картина режиссерлары - Тілек Төлеуғазы және Тұрдыбек Майдан. Сценарий авторлары – Ербол Бораншы, Тұрдыбек Майдан, Тілек Төлеуғазы, Адай Әбелдинов.

«Қазақ анимациясына 50 жыл. Осы уақыт аралығында көптеген дүниелер жасалды. Қазіргі біздің мақсатымыз – одан да жақсы дүниелер жасау. Жоспарлар өте көп. Мысалы, көпбөлімді анимациялық фильмдер шығарып, осылайша балаларымыздың ойлау қабілеті мен санасына жақсы әсер ету», - деп бөлісті Адай Әбелдинов.

Мультфильммен екі жыл бойы 40 аниматор жұмыс істеді.

Сюжетте қауіп төніп тұрған ауыл көрсетіледі. Адам қанының дәмін татып көрген жылан айдаһарға айналып, барлық даланы құртуды көздейді. Оған тек мұзбалақ қана қарсы шыға алады.

«Мен 16 жасыма дейін қазақ үйде тұрдым. Қазақ халқының бүкіл мәдениетін білемін. Мультфильмде шаманизмға дейінгі барлық ұсақ-түйектерді ескеруге тырыстық», - деп қоса кетті Тұрдыбек Майдан.

Картина саундтрегін әнші Ұшқын Жамалбек жазды. Авторлардың айтуынша, әртіс сценарийді оқи салып, бірден келісім берген.

Анимациялық таспа кинотеатрлардан бірден екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі.

Айта кетсек, биыл қазақстандық аниматорлар «Күлтегін» атты екінші мультфильмді айналымға шығаруды жоспарлап отыр.

 

Ыңғайлы көрсетілім кестесін кинотеатрлар афишасынан таңдауға болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер