È

«Екі адамдық мақала» детективті комедиясының трейлері

«Екі адамдық мақала» детективті комедиясының трейлері

Желіде «Екі адамдық мақала» детективті комедиясының трейлері пайда болды. Фильм режиссері - Дархан Сәркенов, ол продюсер Баян Алагөзованың «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясын түсірген.

«Екі адамдық мақала» фильмі жас журналист Абайдың хикаясын баяндайды, ол атасы секілді танымал автор болуды өмір бойы армандайды. Абайға мақсатына жету жолында өзіне деген сенімсіздігі мен редакция «жұлдызы» Райана кедергі келтіреді. Бірақ, жігіт жасырын бірлестіктен атасының аяқталмай қалған мақаласын байқаған кезде, барлығы өзгереді. Абай тергеуге кірісіп, бойында дарыны бар екенін дәлелдеуге тырысады.

Аңқау Абайды Рысқұл Қонақбаев, ал бәсекелесі Райананы Малика Елхан сомдады. Актерлар үшін бұл рөлдер толық метрдегі дебют болды. Сондай-ақ, картинаға Фуркат Фазиев, Рустам Сафаров, Әли Гусейнов, Еркен Губашев және Фархат Әбдірайымов түсті.

Фильмді Alatau film кинокомпаниясы 2016 жылы түсірген. Түсіріліміне қоюшы-оператор Шерхан Таңсықбаев, қоюшы-суретші Бағдат Қожахметов және композитор Никита Карев атсалысты.

Сценарийін Дархан Сәркенов, Рысқұл Қонақбаев және Дастан Сейітов жазды, сонымен қатар ол таспаның қосалқы продюсері болып келеді.

Дархан Сәркеновтың алғашқы толықметражды картинасын 2018 жылдың 30 тамызынан бастап көруге болады. Афишамыздың жаңалықтарын қалт жібермей қарап жүріңіздер.

Еске сала кетсек, алдыңғы жолы авторлар фильм постерін ұсынған болатын.

 

 

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

1 шілде 2018, 07:39

Наконец то, ура!

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер