«В сетях» фильмінің трейлері
Келесі жылдың қаңтарында прокатқа «В сетях» фильмі шығады. Картинаның продюсері және идея авторы тележүргізуші Екатерина Краснова. Лентаның өндірісімен Media LAB tehnology студиясы айналысты. Жобаға қосымша продюсерлік еткен - Рубен Арзуманов, режиссер - Татьяна Нам.
Түсірушілердің айтуынша, «В сетях» фильмі драма жанрында түсірілген және адамдардың әлеуметтік желіге тәуелділігі жайлы. Сюжет бойынша өзі әдемі, табысты Клара есімді қыз достарынан әбден көңіл қалады. оған кінәлі әлеуметтік желілер, өзінің жзақын құрбысы мен сүйген жігіті. Кейіпкер сатқындықты кешіре ала ма, әлде өзін ренжіткендерден кек ала ма?
Әлеуметтік драмада басты рөлдерді ойнағандар: Айсұлу Азимбаева, Динара Бақтыбаева және Санжар Мәдиев. Сондай-ақ түсірілімге Ульяна Амент, Фима Иванов және Дмитрий Хольцман қатысты. Түсірілім Алматыда 1 шілдеде басталып, бір аптаға жалғасты.
Кинолентаны түсіруде еңбектенген қоюшы-оператор Иван Сковиков, суретші Анна Якуба және композитор Евгений Вайгандт.
«В сетях» фильмі үлкен экранға 19 қаңтарда шығады, ал әзірге драманың ресми трейлерін көруді ұсынамыз.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін