È

«Бизнес по-казахски» комедиясының трейлері

 «Бизнес по-казахски» комедиясының трейлері

Желіде «Бизнес по-казахски» фильмінің ресми трейлері жарияланды. Комедияның продюсері және идеясының авторы Нұрлан Қоянбаевтың бұл үлкен кинодағы дебюті. Сондай-ақ режиссер Жеңісхан Момышев та толық метрді өз күшін сынап көрді.

«Бизнес по-казахски» - Қазақстанда бизнестің қалай құрылатыны туралы картина. Продюсердің айтуынша, отандық ірі компаниялардың біріндегі қызметкерлердің туыстық қарым-қатынастары жайлы.

Түсірілім барысы Алматы облысында екі айдан астам уақытқа созылды. Түсірілімге Жан Байжанбаев, Максим Акбаров, Әбунасыр Серіков, Құралай Әнуарбекова, Гұлназ Жоланова қатысты. Шақырылған жұлдыз үнді актеры Сиддхартх Шукла ( «Келін» сериалы).

«Бизнес по-казахски» прокатқа 29 желтоқсанда шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер